Сапалы білім: жұмыс беруші мен студенттердің диалогі

02.04.2024

Жас маманды жұмысқа орналастыру және мамандық бойынша жұмысты бастау - оның кәсіби өмірінің ең басты маңызды кезеңі, ал кәсіби практикадан өтудің басты көрсеткіштерінің бірі - жұмысқа табысты орналасу. Бүгін, 2024 жылы 02 сәуір күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандықтарының студенттері арасында өңіріміздің жетекші кәсіпорындарының бірі «Зенченко и К» КС бас зоотехнигі А. В. Путишевпен кездесуі өтті, онда Алексей Васильевич «Зенченко және К» КС қосымша толық автоматтандырылған сауын кешен ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл кездесуде кәсіби практика шарттары мен одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды. Айта кетейік, «Зенченко және К» КС практикадан өту кезінде баспанамен қамтамасыз етіп, тегін тұру, тамақтану және жалақы ұсынады. Студенттер өздерін қызықтыратын басқа да сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Осылайша, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесуге бағытталған жұмыс жалғасуда. Бұл өңірлік деңгейде жұмыс берушілердің ауыл шаруашылығына деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.



Текст
Виртуальная приемная